МЕНІҢ ТАТУ ОТБАСЫМ

    Бүгін Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының жанындағы "Жанкент жастары" ұйымы және Жанкент ауылдық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен
    "Адал адам" мәдени - тәрбие орталығының "Жанұя шуағы" жобасы аясында Әкелер күніне орай
    "Менің тату отбасым" атты ауылдық кітапханамен бірлескен, ауыл тұрғыны, еңбек адамы Әуезов Мейрамбек Нұрыллаұлымен кездесу кеші болып өтті.
    Мақсаты Асқар тау әкелеріміздің қоғамдағы рөлін, өскелең жас ұрпаққа кеңінен насихаттау.
    Кездесу кешін "Жанкент жастары" ұйымының төрағасы, ауылдық мәдениет
    Үйінің әдіскері Мурзалиев Талап Алтынбекұлы ашып жүргізіп, ауыл әкімі атынан алғыс хатпен, мәдениет Үйі ұжымы, ауыл жастары атынан сый-сыяпат табыс етіп, ақ тілегін білдірді.
    Кеш әр қарай жалғасып, Жанкент ауылдық кітапханашысының кітапханашысы Нәдірова Назерке Әлібекқызы "Әуезовтер" отбасына "Салт-дәстүр" құндылықтары атты кітабын сыйға тарту етті.
    Кездесу кешіне ауылдық мәдениет Үйінің қызметкерлері, кәсіпорын басшысы Рсалы Болатбек Сырашұлы, Жеткербаева Айткүл Шакизадақызы, Баеке Наргүл Амангелдіқызы, Нұргүл Избамбетова Қасқырбайқызы өз үлестерін қосып, кеш соңында Мұхтар Шахановтың "Әке туралы жыр" әнін ұжым қызметкерлерімен бірге орындап ұсынып, кештің көркін кіргізді.
    Кездесу кешінен кейін, Әуезовтер отбасының арақты әжесі, ақ жаулықты,
    ақ тілеуі анамыз, еңбек анасы
    Бегалы Оңдаш барша қызметкерлер мен жастарға ақ тілегін білдіріп, ақ батасын ұсынды.
    Кездесу кешіне өз үлестерін қосқан барша қызметкерлермен, әріптестерімізге, жастарымызға Ел-халық атынан, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс тілейміз.
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.