Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті XLI сессиясы өтті

    maslihat-mangystau-zhanaozen·
    Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті XLI сессиясы өтті

    2026 жылдың 8 маусым күні Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Ғ. Байжановтың төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті XLI сессиясы өтті.

    Сессия отырысына қала әкімінің міндетін атқарушы Мұқаш Мақсат Асқарұлы, қала әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және мекеме басшылары қатысты.

    Күн тәртібінде Жаңаөзен қаласы мен Қызылсай, Теңге, Рахат, Кендірлі ауылдарының 2025 жылға арналған бюджеттерінің орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті XLI сессиясының отырысы Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.