
2026 жылғы 02-05 маусым аралығында №1 МӘС бөлімі Үржар және Мақаншы аудандарының тұрғындары арасында "мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету мақсатында көшпелі отырысын өткізді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Төрағасының 27.03.2026 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, №1 МӘС бөлімінің басшысы Л.Ю. Еремина 2026 жылғы 04 маусымда ОА ДСБ "Үржар ауданының ауданаралық ауруханасы" ШЖҚ КМК және ОА ДСБ "Мақаншы ауданының ауруханасы" ШЖҚ КМК ДКК төрағаларымен, ЖПД дәрігерлерімен және медициналық ұйымдардың тар шеңберлі мамандарымен бірлесіп семинар-кеңес өткізді.
02-05 маусым аралығында №1 МӘС бөлімі Үржар ауданында - 42 адам, оның ішінде күндізгі форматта - 36 адам, сырттай– проактивті форматта-6 адам куәландырылды.
Барлығы алғаш рет - 5 адам, қайта куәландырылды – 29 адам.
1 топтағы мүгедектігі бар адамдар - 1 адам, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар – 10 адам, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар - 16 адам, мүгедектігі бар бала – 3 адам, 1 топтағы мүгедектігі бар бала – 1 адам, 3 топтағы мүгедектігі бар бала – 2 адам жеке куәландырылды. 3 адам.
Көшпелі отырыс кезінде куәландырылғандар арасында медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз және сапасыз қорытындылар жоқ.
Кеңес барысында кеңестің қатысушыларына медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытындыны сапалы толтыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сырттай проактивті куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесін талдау, адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберудің негізділігіне қатысты МӘС негізгі мәселелері талқыланды.
№ 1 МӘС бөлімінің бас маманы А.М. Мекешева НҚА сәйкес 031/е қорытындысын толтыру кезінде жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға барудың көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдерін айтты.
№ 1 МӘС бөлімінің бас маманы М. Б. Исанова қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларымен таныстырды.
Семинар-кеңес соңында қатысушылар сұрақтар қойып, оларға жауаптар мен түсініктемелер берілді.



