Маңғыстау облысында «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттары және инновациялар» атты республикалық семинар өтті.
Семинар барысында мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері, қазақ тілінің цифрлық әлеуеті, ғылым мен білім саласындағы тілдің орны, тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету тетіктері және инновациялық жобалар кеңінен талқыланды.
Аталған іс-шараға Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев пен басқарманың бас маманы Арайлым Нұрбаева қатысып, еліміздің әр өңірінен келген тіл саласының мамандарымен тәжірибе алмасты.
Кездесу аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың тиімді тәжірибелері таныстырылып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ұсыныстар талқыланды.
Мұндай республикалық деңгейдегі іс-шаралар тәжірибе бөлісуге, жаңа бастамаларды зерделеуге және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.