Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірмелер туралы

    mangystau-soc·
    Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірмелер туралы

    Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттарды ұзарту тәртібі туралы хабарлайды. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №279 бұйрығымен бекітілген « Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру немесе олардың мерзімін ұзарту, сондай-ақ компанияішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына » сәйкес реттеледі.

    Қағидалардың 30-тармағына сәйкес рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік алпыс күннен ерте емес және күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей берілуге тиіс.

    Өтініш беру мерзімін есептеу кезінде рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталатын күн есепке алынбайды.

    Осыған байланысты жұмыс берушілер Қағидаларда белгіленген мерзімдерді ескере отырып, өтініштерді алдын ала тапсыруы қажет.

    Рұқсаттың мерзімін ұзарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық талаптар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

    Өтініш беру мерзімдері өткізіп алынған жағдайда рұқсаттың мерзімін ұзартуға жол берілмейді және рұқсатты рәсімдеу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

    Басқарма жұмыс берушілерге рұқсаттардың қолданылу мерзімдерін тұрақты бақылауда ұстап, өтініштерді уақтылы тапсыруды ұсынады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.