Ақтөбеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

    Қарғалы ауданы әкімдігі·
    Ақтөбеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

    Ақтөбеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

    Бүгін Ақтөбедегі «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Әйтеке би, Қарғалы және Мұғалжар аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.

    🍶 Шара барысында өндірушілер жалпы көлемі 3,4 тонна ет өнімдерін және 1,3 тоннадан астам сүт өнімдерін саудаға шығарды.

    🔰 Жәрмеңкеде өнімдер нарықтағы бағадан 15–20 пайызға төмен бағамен ұсынылды. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына табиғи әрі сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді.

    Ет және сүт өнімдерімен қатар келушілерге «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген өнімдер де ұсынылды.

    Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай жәрмеңкелер 2026 жылдың соңына дейін әр сенбі сайын өткізіледі. Іс-шаралар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бағаны тұрақтандыруға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.

    Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін тұтынушыларға тікелей ұсынуға мүмкіндік береді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.