Бүгін Нұресіл ауылында аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі өтті.

    aqmola-selinograd-nuresil·
    Бүгін Нұресіл ауылында аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі өтті.

    Бүгін Нұресіл ауылында аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі өтті.

    Кездесу барысында ауылдық округ әкімі атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Тұрғындарға негізгі қызмет нәтижелері, жүзеге асырылған жобалар және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар таныстырылды.

    Сондай-ақ кездесу аясында ауыз сумен қамтамасыз ету, Жаңа Жайнақ ауылындағы мектепті жөндеу, Нұресіл – Раздольное – Жаңа Жайнақ автомобиль жолына қиыршық тас төсеу, сондай-ақ ауылды абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту мәселелері көтерілді.

    Аталған мәселелер бойынша аудан әкімі аудандық бөлімдердің мамандарымен, «Целиноград Су Арнасы» ЖШС өкілдерімен және мердігер ұйым өкілдерімен бірлесіп тиісті түсіндірмелер берді.

    Кездесу ашық диалог форматында өтті: тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Көтерілген барлық мәселелер алдағы уақытта қаралып, тиісті шаралар қабылдау үшін бақылауға алынды. Кездесуді ауыл ақсақалының батасымен аяқтады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.