
Полицейлер Целиноград ауданының тұрғынына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әйелге заң көмегі керек болып, танысына жүгінген. Ер адам банкроттықты ресімдеу, алимент өндіріп алу және басқа да құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсетуге уәде берген.
Қажетті құжаттарды дайындау үшін жәбірленуші оған жеке құжаттарының көшірмелерін берген. Одан кейін мемлекеттік бажды төлеуге, сотқа талап арыздарды дайындауға және беруге, сондай-ақ басқа да заңды ресімдерді жүргізуге байланысты түрлі сылтаулармен ер адам әйелден бірнеше рет ақша алған.
Клиентті жұмыстың орындалып жатқанына сендіру үшін ол сот органдарына жіберілген құжаттарды ұсынды. Алайда, тексеру барысында күдіктінің іс жүзінде электрондық цифрлық қолтаңбасы болмағаны және мәлімделген заңдық рәсімдерді тиісті мемлекеттік сервистер арқылы дербес жүзеге асыра алмағаны анықталды.
Бір ай бойы әйел уәде етілген көмектің нәтижесін күтті. Өз мәселелерінің оң шешімін таппаған және алданып қалғанына күдіктенген ол полицияға арызбен жүгінді.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтап, азаматтарды заң мәселелерін шешуде сенетін және ақшалай қаражатты беруде мамандардың біліктілігін мұқият тексеруге шақырады.



