Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы анықталды

    mvd-akmola·
    Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы анықталды

    Ақмола облысының аумағында көші-қон заңнамасы бұзушылықтарының жолын кесуге және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға бағытталған "Заңсыз-2026" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда.
    Аршалы ауданында криминалдық полиция қызметкерлерімен ЖПІШ-тің алғашқы күні мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат анықталып, ұсталды. Беларусь Республикасы Минск облыстық атқару комитетінің ІІБ мәліметінше, 38 жастағы ер адам 2024 жылдың мамыр айынан бастап алимент төлеуден жалтарғаны үшін іздеуде болған.
    Сонымен қатар, арнайы рейдтік іс-шараларды көші-қон қызметінің қызметкерлері де жүргізуде. Операцияның алғашқы тәулігінде өңірде көші-қон заңнамасының 105 бұзушылығы анықталып, жолы кесілді. 70-тен астам шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тоғыз бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасынан шығару туралы шешім қабылданды.
    Бұдан басқа, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамай шетелдік жұмыскерлердің еңбегін заңсыз пайдаланған Қазақстанның 10 азаматы жауапқа тартылды.
    "Заңсыз-2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Полицейлер шетел азаматтары мен ел тұрғындарын көші-қон заңнамасының нормаларын қатаң сақтауға, қажетті құжаттарды уақтылы ресімдеуге және Қазақстан Республикасының аумағында болу мен еңбек қызметінің белгіленген тәртібін бұзуға жол бермеуге шақырады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.