Тағайындау туралы

    Тағайындау туралы

    Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиев Қарағанды облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.Бүгін жаңа прокурорды Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев таныстырды.Мұрат Әжінұрұлы еңбек жолын Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады.Әр жылдары Алматы қаласы Әуезов және Алмалы аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы болып қызмет істеген.2023 жылғы мамырдан Түркістан облысының прокуроры болды.Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін Сағадат Нұрмағамбетов атындағы І дәрежелі «Айбын» және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

    Қарағанды облысының прокуратурасы

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.