«Еңбек жолы- 2026» республикалық конкурсына қатысыңыздар

    bko-baiterek·
    «Еңбек жолы- 2026» республикалық конкурсына қатысыңыздар

    «Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін «Еңбек жолы-2026» республикалық конкурсына қатысуға шақырады. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлама мақаласында қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыру қажеттілігін атап өткендігі баршаға мәлім.

    Мемлекет басшысының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын» құру идеясы аясында, Еңбек адамының беделін жоғарылату, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Еңбек күні» бекітіліп, еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсы белгіленді.

    «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында Министрлікпен өткен жылдан бастап еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсы белгіленді.

    «Еңбек күнін» мерекелеуге арналған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» Республикалық Форумы аясында аудандық (қалалық) және облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы өткізілетін болады.

    «Еңбек жолы» конкурсын(ары қарай- конкурс) өткізу мақсаты-

    ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы позитивті қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау, қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына елеулі еңбек үлестерін қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтанышты тәрбиелеу, жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.

    Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.

    Конкурс 3 номинациядан тұрады:

    1) «Үздік еңбек әулеті» - ең көп жұмыс өтілі бар, көбірек марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.

    Еңбек әулеті ауданның, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесіп, өз кәсібін насихаттауы керек.

    2) «Өндірістің үздік жас маманы»- жұмыс өтілі 5 жылдан көп емес өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.

    3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»- 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар аса тиімді тәлімгер таңдалады.

    Конкурс 2 кезеңнен, жергілікті және республикалық деңгейден тұрады: Марапаттау рәсімі ағымдағы жылы Астана қаласында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай» республикалық форумы өткізілетін күні өтеді.

    Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

    1) конкурсқа қатысу туралы ерікті нысандағы өтінім, номинацияны көрсете отырып;

    2) жеке куәлік көшірмесі;

    3) номинация тақырыбы бойынша видеоролик, 1-2 минуттан көп емес (жұмыс орны мен икемін көрсете отырып, ықыласы болса);

    4) конкурс қатысушысы туралы (жұмыс, жанұя, хоббиі) компьютерлік презентация 1 минут көлемінде (MicrosoftPowerPoint форматында);

    5) еңбек әулеті өкілінің немесе жұмысшының еңбек кітапшасының және жұмысберушімен куәландырылған, еңбек өтілін растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі/ жұмыс орнынан анықтама;

    Жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан мінездеме хат.

    Болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмесі)

    Мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттар, мақтау қағаздары, алғыс хаттарының көшірмесі;

    Біліктілігін арттыру туралы сертификат (болған жағдайда)

    Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде 2026 жылдың шілде айының 1-не дейін «Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не ұсынылады. Мекен жайы: БҚО, Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі 82Б, телефондар: 8711-30-22-070; 8711-30-22-881, baiterek_azhkab_bolimi инстаграм, Бәйтерек Ажқжәб Бөлімі фейсбук әлеуметтік желілері арқылы алуға болады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.