Таза Қазақстан

    Таза Қазақстан

    «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауылдық округте абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

    Елді мекендердің тазалығы мен тәртібін сақтау, санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында ауылдық округ аумағында республикалық экологиялық Таза Қазақстан бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

    Қазіргі уақытта қоғамдық аумақтарда, көше бойларында, саябақтарда және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарда шөп шабу және арамшөптерді ору жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, сондай-ақ округтің көрікті келбетін сақтауға бағытталған.

    Тазалықты сақтау бастамаларын қолдап жүрген барлық тұрғындарға алғысымызды білдіреміз және қоршаған ортаға ұқыпты қарап, туған жеріміздің тазалығын бірге сақтауға шақырамыз!

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.