Махамбет ауданы Мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі хабарламасы

    maslihat-mahambet-district·

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Махамбет ауданы Мәслихаты Махамбет ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамы қалыптастырылатыны туралы хабарлайды.

    Әрбір саяси партия тиісті учаскелік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымды бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғымаусымайының1-і мен маусым айының 15-сі аралығында аудан Мәслихатына келесі құжаттарды тапсырады:

    1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

    2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

    3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

    Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

    Сайлау комиссиясы құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, инициалы және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсынымдарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

    Махамбет ауданыМәслихаты

    Кайыржан Мажиев - Махамбет ауданы Мәслихатының төрағасы.

    Орналасқан жері: Махамбет ауданы, Абай көшесі, 13.

    Жауапты тұлға – ​​Есімова Айкөркем Болатбекқызы, қызметтік телефон 2-11-76, электрондық пошта: [email protected].

    Махамбет аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды

    1. Округтік сайлау комиссиясы

    Комиссияның атауы

    Сайлау комиссияларының орналасқан орны

    Комиссия мүшелерінің саны

    1

    2

    3

    4

    1

    Махамбет ауданы бойынша №1 округтік сайлау комиссиясы

    Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, Ж.Қартқожақов көшесі, №9 үй, «Алтын балық» бала бақшасының коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимараты

    1

    2

    Махамбет ауданы бойынша №2 округтік сайлау комиссиясы

    Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, Д.Шененов көшесі, №13 үй, Аудандық аймақтық инспекциясының ғимараты

    1

    1. Учаскелік сайлау комиссиясы

    Комиссияның атауы

    Сайлау комиссияларының орналасқан орны

    Комиссия мүшелерінің саны

    1

    2

    3

    4

    1

    №216

    Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, О.Есмағамбетов көшесі, №15 үй, Махамбет балалар және жас өспірімдер спорт мектебінің ғимараты

    1

    2

    №217

    Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, Қазбек би көшесі, №40а үй, Д.Төленов атындағы орта мектебінің ғимараты

    1

    3

    №219

    Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, М.Боранқұлов көшесі, №7 үй, Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінің ғимараты

    1

    4

    №222

    Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Таңдай ауылы, М.Есенбаев көшесі, №12 үй, КМҚК «Бақсай» мәдениет үйінің ғимараты

    2

    5

    №224

    Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Ескі Сарайшық ауылы, Е.Шакіліков көшесі, №38 үй, «№1 әлуметтік көмек көрсету орталығы» КМК-нің ғимараты

    1

    6

    №225

    Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Бейбарыс ауылы, Төле Би көшесі, №36 үй, КМҚК «Жасдәурен» мәдениет үйінің ғимараты

    4

    7

    №231

    Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Ортақшыл ауылы, Абай көшесі, №18 үй, Қосарал орта мектебінің ғимараты

    3

    8

    №234

    Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Ақтоғай ауылы, М.Өтемісұлы көшесі, №15 үй, ҚМКК «Ақтоғай» мәдениет үйінің ғимараты

    1

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.