1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

    dkmfk-atyrau·

    1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

    Бұл күн бізге өскелең ұрпақ үшін жауапкершілік танытып, олардың үйлесімді дамуы, білім алуы мен балалық шақ кезеңінде алаңсыз өсулері үшін тиісті жағдай жасау қажеттігін есімізге салады. Балаларға қамқорлық жасау, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау біздің қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.
    Балаларды қорғау күніне орай сәбилер үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
    Мерекелік шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі ойын-сауық бағдарламалары өткізіліп, тәттілер мен арнайы әзірленген сыйлықтар табысталды. Бүлдіршіндер мерекелік кешке белсене қатысып, шаттыққа толы әсерлі сәттерді бастан кешірді.
    Мұндай игі бастамалар қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеп, балалардың жүзіндегі күлкінің арта түсуіне ықпал етеді.
    Балалардың шат күлкісі мен қуанышы – мерекенің ең басты көркі.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.