Egov бұрышында мемлекеттік қызметтер қолжетімді

    Egov бұрышында мемлекеттік қызметтер қолжетімді

    Ауылдық әкімдік ғимаратында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында ауыл тұрғынына жер қатынастары саласы бойынша мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді. Азаматқа жер учаскесін беру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдеу және басқа да жер мәселелеріне қатысты қызметтер бойынша кеңес берілді.

    Жауапты мамандар мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесімен таныстырып, өтініш беру тәртібі мен қызмет көрсету мерзімдерін түсіндірді. Сонымен қатар ауыл тұрғынының жер қатынастары саласына қатысты сұрақтарына жауап беріліп, қажетті бағыт-бағдар көрсетілді.

    Аталған түсіндіру жұмыстары ауыл тұрғынының жер саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін дұрыс түсінуіне, уақытын үнемдеуіне және қажетті қызметтерді қолайлы түрде алуына мүмкіндік береді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.