ХАБАРЛАНДЫРУ

    maslihat-amangeldi·
    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабына және 19-бабының 6-тармағына сәйкес Амангелді аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері өз міндеттерін атқарудан босатылды.

    Амангелді аудандық мәслихатының жұмыс тобы бос орындарға байланысты учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну жөніндегі ұсыныстарды саяси партиялардан 2026 жылғы 9 маусым мен 23 маусым аралығында қабылдайды.

    № 214 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.

    № 228 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.

    Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің жұмыс тобына ұсынатын құжаттары:

    1. Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматында;
    2. Тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), не жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
    3. Саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
    4. Кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

    Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары мен кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштер мәслихаттың ресми сайтында орналастырылған.

    Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

    Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналар, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілер (қарындастар), аталар, әжелер, немерелер), сондай-ақ ерлі-зайыптылар кіре алмайды.

    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөр басылуы, орындалған күні көрсетілуі, сондай-ақ орындаушының тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефоны туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 23 маусымға дейін жүргізіледі.

    Құжаттарды қабылдау уақыты:

    • Дүйсенбі – жұма: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін;
    • Үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

    Мәслихаттың мекенжайы:
    Амангелді ауылы, Б. Майлин көшесі, 14-үй.

    Байланыс телефондары:
    21-5-31, 22-0-50.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.