Ұрпақтар сабақтастығы: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагерлері

    ksek·
    Ұрпақтар сабақтастығы: санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагерлері

    Кәсіби мереке – Медицина қызметкері күні қарсаңында Комитет пен оның аумақтық департаменттері халық денсаулығын қорғау мен еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне бүкіл ғұмырын арнаған санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ардагерлері туралы жарияланымдар топтамасын бастайды.

    Көптеген жылдар бойы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары күн сайын халық денсаулығын қорғау жолында еңбек етіп келеді. Олар жұқпалы аурулардың таралуының алдын алып, санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, азаматтарды эпидемиологиялық қатерлерден қорғайды.

    Қызмет ардагерлері ерекше алғыс пен құрметке лайық. Олар еңбек жолының 40 жылдан астам уақытын санитариялық-эпидемиологиялық жүйеге арнап, көпжылдық еңбегімен, мол тәжірибесімен және мамандыққа деген адалдығымен қызметкерлердің бірнеше буынына үлгі болды.

    Бүгінде олардың игі ісін лайықты ізбасарлары жалғастырып, қызметтің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, халық денсаулығын нығайтуға елеулі үлес қосуда.

    Кәсіби мереке қарсаңында ардагерлер мен қызмет атқарып жүрген мамандарға жанқиярлық еңбегі, жоғары кәсібилігі және еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.