
Ырғайты ауылдық округі әкімдігінде «eGov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Тұрғындарға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ қажетті мемлекеттік қызметтерді онлайн әрі жедел алу мүмкіндіктері таныстырылып, практикалық көмек көрсетіледі.



