Мойынқұм ауданында аппараттық кеңес өтті

    zhambyl-moyynkum·
    Мойынқұм ауданында аппараттық кеңес өтті

    Бүгін Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес отырысы өтті. Кеңес барысында ауданның әлеуметтік-саяси және қоғамдық маңызы бар бірқатар өзекті мәселелері қаралып, жауапты мекеме басшыларының есептері тыңдалды.

    Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе ретінде Мойынқұм ауданының құрылғанына 60 жыл және Социалистік Еңбек Ері, атақты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерейтойлық іс-шаралардың қорытындысы қаралды. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Нұркелді Қазақбайұлы баяндама жасап, мерейтой аясында өткізілген мәдени-көпшілік, спорттық және рухани бағыттағы іс-шаралардың нәтижелеріне тоқталды. Сонымен қатар, мерекелік шараларды ұйымдастыруға атсалысқан мекемелер мен жауапты тұлғалардың жұмысына талдау жасалды.

    Аппараттық кеңесте сондай-ақ 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу науқанының барысы талқыланды. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева баяндама жасап, жазылу жұмыстарын ұйымдастыру деңгейі мен көрсеткіштері туралы ақпарат берді. Ол аудан тұрғындары арасында мемлекеттік және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына жазылуды насихаттау жұмыстарының жалғасып жатқанын атап өтті.

    Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы Болат Әуелбаев 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанының орындалу барысы жөнінде баяндама жасады. Баяндамашы әскерге шақыру жұмыстарының ұйымдастырылуы, белгіленген жоспардың орындалу деңгейі және шақырылушылармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

    Сонымен қатар, Мойынқұм аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асқар Қадыров шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы баяндама жасады. Ол тұрғындардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстарға тоқталып, рұқсат етілмеген орындарда шомылудың алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында қолға алынған шараларды таныстырды.

    Кеңес барысында аудан әкімі Ермек Карентаев қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

    Аппараттық кеңес қорытындысында ауданның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қатысты жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер белгіленді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.