ТІЖ ресімдеу тәртібінің сақталуына бақылау

    ТІЖ ресімдеу тәртібінің сақталуына бақылау

    Салық органдары тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу тәртібінің сақталуына мынадай жағдайларда бақылау жүргізеді:
    - Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру барысында;
    - ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;
    - Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде.

    Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндеттемесі мынадай мерзімдерде туындайды:
    - Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде – тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғанға дейін;
    - ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;
    - Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде – тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғанға дейін;
    - ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде автомобиль өткізу пунктінде.

    Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндеті қолданылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ олардың нысандары, ресімдеу тәртібі және құжат айналымы уәкілетті органмен айқындалады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.