ТАСӨТКЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

    aktobe-hromtau·
    ТАСӨТКЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

    2026 жылғы 7 маусымда өткен сайлау қорытындысы бойынша Тасөткел ауылдық округінің әкімі болып Асылбек Қадіржанұлы Баймурзин сайланды.

    Асылбек Қадіржанұлы 1977 жылғы 5 қаңтарда Тасөткел ауылында дүниеге келген.

    Жоғары білімді маман. Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжі мен Баишев университетінің түлегі. Мамандығы – ветеринария және ветеринарлық санитария.

    Еңбек жолын 2001 жылы ветеринария саласында бастап, кейін мемлекеттік қызметке ауысып, Тасөткел ауылдық округі әкімдігі аппаратында бас маманның міндетін атқарушы, бас маман және жетекші маман қызметтерін атқарған.

    Көп жыл бойы Хромтау аудандық ветеринариялық стансасының Тасөткел ауылдық округі бойынша ветеринариялық пунктін басқарды.

    Асылбек Қадіржанұлына жауапты қызметінде табыс тілеп, Тасөткел ауылдық округінің одан әрі дамуына бағытталған бастамаларына сәттілік тілейміз.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.