
Теректі ауылдық округінде eGov бұрышы арқылы халыққа қызмет көрсету Теректі ауылдық округі әкімдігі жанынан ашылған eGov бұрышы ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі жедел алуға мүмкіндік беруде. eGov бұрышында тұрғындар өз бетінше немесе маманның көмегімен Электрондық үкімет порталы арқылы түрлі анықтамалар алу, өтініштер жолдау, әлеуметтік төлемдерге өтінім беру, айыппұлдар мен салық берешектерін тексеру сияқты қызметтерді пайдалана алады. Бұл бастама ауыл тұрғындарының уақытын үнемдеп, аудан орталығына бармай-ақ қажетті құжаттарды рәсімдеуіне жағдай жасап отыр. Сонымен қатар, цифрлық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Теректі ауылдық округінде халыққа сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.



