Теректі ауылдық округінде “Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы”

    zhetysu-alakol-terekti·
    Теректі ауылдық округінде “Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы”

    Теректі ауылдық округі әкімдігі тарапынан тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету мақсатында әкімдік ғимаратында eGov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Бұл бұрыш арқылы ауыл тұрғындары көптеген мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігіне ие. Аталған бұрышта тұрғындар әртүрлі анықтамалар алу, мекенжай анықтамасын шығару, әлеуметтік төлемдерге өтініш беру, айыппұлдар мен салықтарды тексеру сияқты қызметтерді өздігінен пайдалана алады. Сонымен қатар, округ әкімдігі мамандары тұрғындарға электрондық порталмен жұмыс істеуді түсіндіріп, қажетті жағдайда көмектерін көрсетеді. Бұл қызмет түрі ауыл тұрғындарының уақытын үнемдеуге және мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдетуге бағытталған. Қазіргі уақытта тұрғындар eGov бұрышын белсенді пайдаланып, қажетті қызметтерін тез әрі ыңғайлы түрде алуда. Теректі ауылдық округі әкімдігі алдағы уақытта да тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету жұмыстарын жалғастырады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.