
Ағымдағы жылдың 08–12 маусым аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу қағидаларын сақтауын бақылау.
Іс-шараның алғашқы күні 40 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша – 27 факт;
шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуы бойынша – 11 факт;
шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді заң талаптарын бұза отырып тарту бойынша – 2 факт.
Полиция қызметкерлері заңсыз көші-қонға қарсы күрес, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау тұрақты негізде жүргізілуде.



