
Теректі ауылдық округінде тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі ыңғайлы алу мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Бұл бұрыш азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы түрлі мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға мүмкіндік береді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында тұрғындар анықтамалар алу, түрлі өтініштер жолдау, әлеуметтік төлемдерге өтініш беру, айыппұлдарды тексеру және басқа да электрондық қызметтерді пайдалана алады. Сонымен қатар қажет болған жағдайда мамандар тарапынан түсіндіру және көмек көрсетіледі. Аталған бастама тұрғындардың уақытын үнемдеуге, мемлекеттік қызметтерді жедел әрі ашық түрде алуға жағдай жасап, цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған



