Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

    departament-kkbtu-karaganda·
    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

    БҮГІН, 9 маусымда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері және «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрыққа енгізілген өзгерістер бойынша Департаменттің аумақтық басқармаларының мамандарына арналған оқыту семинарын өткізді.

    Семинар барысында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау нысандары, профилактикалық бақылау түрлері, тексеру түрлері, сондай-ақ бақылау нысандарының бірі болып табылатын тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу тәртібі бойынша түсіндірулер берілді.
    Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен балаларды тамақтандыру, жатын орынмен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету, білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру қызметтері қаржыландырылатын, ерекше бақылау объектілері болып табылатын субъектілерге (объектілерге) қатысты ерекше бақылау мәселелері түсіндірілді.

    Бұдан бөлек, семинарда «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрыққа енгізілген өзгерістер таныстырылды.

    Семинар қорытындысында Департаменттің аумақтық басқармалары мамандарының сұрақтарына жауаптар берілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.