
Ақтөбе облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтерінен құралған әйелдер волейбол құрамасы колледж педагогтері арасындағы республикалық спартакиадада жеңімпаз атанды.
Тартысты өткен финалдық кездесуде ақтөбелік команда Алматы облысының құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, жарыстың алтын жүлдесін иеленді. Команда турнир барысында жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытып, барлық кезеңнен сүрінбей өтті.
Жеңімпаз құраманың сапында Хромтау тау-кен техникалық колледжінің педагогтері мен қызметкерлері өнер көрсетті:
Динара Біржанова – дене шынықтыру пәнінің оқытушысы;
Гүлнұр Сауанова – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;
Айнам Әлімбекқызы – дене шынықтыру пәнінің оқытушысы;
Фарида Жолдасбаева – зертханашы;
Индира Амангелді – өндірістік оқыту шебері;
Роза Орынбаева – оқу бөлімінің хатшысы;
Лариса Оспанова – арнайы пәндер оқытушысы.
Сондай-ақ команданың жаттықтырушысы – Хромтау тау-кен техникалық колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Қуаныш Төлебай.
Хромтау ауданының әкімдігі жеңімпаздарды жарқын жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа белестер тілейді!



