КӨКТӨБЕДЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

    aktobe-hromtau·
    КӨКТӨБЕДЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

    Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов Көктөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ауылдың дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

    Кездесу барысында округ әкімі 2025 жылы және 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Атап айтқанда, ауылішілік және ауыларалық жолдарды күтіп ұстау, көше жарықтарын жөндеу, санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүргізу бағытында бірқатар шаралар жүзеге асырылған. Сондай-ақ, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауылға «Құтты мекен – Көктөбе» стелласы орнатылып, мектеп аумағына ағаш көшеттері егілді.

    Кездесу барысында тұрғындар электр жарығының жиі өшуі, ауыл халқының санын арттыру, Көктөбе ауылының 65 жылдығын ұйымдастыру және жастарға арналған спорттық нысан салу мәселелерін көтерді. Аудан әкімі көтерілген ұсыныстар мен сұрақтарға жауап беріп, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен қарастырылатынын жеткізді.

    Кездесуден кейін аудан әкімі ауылға кіреберіс жол мен ауылішілік көшелерді асфальттау жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі таңда мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын бастап, қажетті техника мен жұмыс күшін жұмылдырған.

    Аудан әкімі жол құрылысының сапасы мен мерзімінде аяқталуына ерекше назар аударып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.