ҚОПА ОКРУГІНДЕ ЖАҢА НЫСАНДАР САЛЫНЫП ЖАТЫР

    aktobe-hromtau·
    ҚОПА ОКРУГІНДЕ ЖАҢА НЫСАНДАР САЛЫНЫП ЖАТЫР
    Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратовтың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есеп беру кездесуі Қопа ауылдық округінде жалғасты. Кездесу барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар таныстырылды.

    Жыл басынан бері округте бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Қопа ауылындағы әкімшілік ғимаратының сыртқы келбеті жаңартылып, сайдингпен қапталды. Ғимарат алдына ұзындығы 120 метр болатын суағар салынды. Сонымен қатар мал шаруашылығына қажетті мал қамайтын раскол пайдалануға берілді.

    Тамды ауылында медициналық пункттің құрылысы басталып, қазіргі уақытта өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде. Алдағы кезеңде ветеринариялық пункт салу жұмыстарының басталуы күтілуде.

    Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтерді. Ауыл көшелеріндегі ағаш бұтақтарын кесу, интернет жылдамдығының төмендігіне байланысты жаңа байланыс мұнарасын орнату мәселесін көтерді. Аудан әкімі бұл мәселенің назарда екенін айтып, 2027 жылы Қопа ауылында байланыс мұнарасын салу мүмкіндігі қарастырылатынын жеткізді.

    Сондай-ақ Қопа – Құдықсай автомобиль жолын асфальттау жұмыстары бойынша мердігер мекеме маусым айында құрылыс жұмыстарын бастайтыны хабарланды.

    Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындардың ұсыныстары мен көтерілген мәселелерінің барлығы бақылауға алынып, оларды шешу бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатынын атап өтті.
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.