«Елімнің рәміздері – тәуелсіздіктің белгісі» атты дөңгелек үстел

    «Елімнің рәміздері – тәуелсіздіктің белгісі» атты дөңгелек үстел

    4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Бастаушы ауылдық кітапханасында «Елімнің рәміздері – тәуелсіздіктің белгісі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында қатысушылар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен маңызы туралы ой бөлісіп, олардың ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі жөнінде пікір алмастық. мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы мәліметтер беріп, Отанды сүюге, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге шақырдық.

    Дөңгелек үстел еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, рәміздердің ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.