ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    aktobe-hromtau·
    ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне жаңа басшы болып Бостан Бадиканұлы Амантурлиев тағайындалды.

    Бостан Бадиканұлы 1986 жылы дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2008 жылы Мәртөк ауданындағы Андреевка орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары білім беру саласында, ауылдық округ әкімдіктерінде түрлі жауапты қызметтер атқарды. Қызылжар, Құрмансай және Тәңірберген ауылдық округтерінің әкімі болды.

    2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол Бостан Бадиканұлына жаңа қызметінде табыс тілейміз.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.