Балалардың шат күлкісі, әсем әні, мың бұралған биі мен спорттық жарыстардағы жеңіске деген жігері. Хромтауда Халықаралық балаларды қорғау күні осындай көтеріңкі көңіл-күймен аталып өтті.
Мерекелік бағдарлама Мәдениет үйінде өткен «Балалық шақ – бақытты әлем» атты концерттік кешпен жалғасты. Салтанатты шара балалар музыка мектебінің қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауындағы күйлермен ашылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Концертке ауданның білім беру ұйымдары, балабақшалар мен шығармашылық ұжымдардың тәрбиеленушілері қатысты. Жас өнерпаздар туған жер, достық, бақытты балалық шақ туралы әндер орындап, түрлі би қойылымдарын ұсынды.

Мерекелік шараға Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов қатысып, балалар мен ата-аналарды айтулы мерекемен құттықтады.
Аудан басшысы балалардың шығармашылық және спорттық әлеуетін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінде ауданның жас өрендері түрлі облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Концерт барысында №9 «Жұлдыз-Ай», №5 «Ақбота», №4 «Гүлдер» бөбекжай-балабақшаларының тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, «Наз» би мектебі, «Ритм» көркем би студиясы, «Шабыт би» үйірмесі және Мәдениет орталығының вокал үйірмесінің өнерпаздары өз өнерлерін паш етті.
«Балалар – біздің өміріміздің мәні, ел болашағының жарқын кепілі. Олардың шат күлкісі мен бақытты балалық шағы – қоғамымыздың ең үлкен байлығы әрі басты құндылығы. Сондықтан өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, олардың қауіпсіз әрі алаңсыз өсуіне жағдай жасау – бәріміздің ортақ міндетіміз.
Бүгінде Хромтау ауданында білім мен ғылымда, өнер мен спортта биік жетістіктерге жетіп жүрген дарынды балалар аз емес. Біз олардың қабілетін дамытуға, армандарына жол ашуға және жан-жақты қолдау көрсетуге әрдайым басымдық береміз», – деді аудан әкімі.
Аудан басшысы балалардың шығармашылық және спорттық әлеуетін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінде ауданның жас өрендері түрлі облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Концерт барысында №9 «Жұлдыз-Ай», №5 «Ақбота», №4 «Гүлдер» бөбекжай-балабақшаларының тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, «Наз» би мектебі, «Ритм» көркем би студиясы, «Шабыт би» үйірмесі және Мәдениет орталығының вокал үйірмесінің өнерпаздары өз өнерлерін паш етті.
Сонымен қатар №2 Хромтау балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаңа спорт кешені алаңында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық эстафеталар мен қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар өзара бақ сынап, белсенді демалыстың үлгісін көрсетті.
Мерекенің жарқын сәттерінің бірі аниматорлардың қатысуымен өткен көңілді флешмоб болды. Балалар мен ата-аналар ортақ биге қосылып, ерекше көңіл-күйге бөленді.
Халықаралық балаларды қорғау күні Хромтау ауданында балаларға қуаныш сыйлап, олардың шығармашылық қабілеттері мен спорттық жетістіктерін насихаттайтын мазмұнды мерекеге айналды.