АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

    aktobe-hromtau·
    АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

    Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету және жұмыспен қамту мәселелерін көтерді.

    Қабылдауға келген азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінген азаматтарға кезектілік тәртібі, тұрғын үй алу санаттары мен олардың кезектегі орны туралы ақпарат берілді.

    Сондай-ақ жұмысқа орналасу мәселесімен келген тұрғынның өтініші назарға алынып, тиісті сала мамандарына мәселені зерделеп, заң аясында қолдау көрсету жөнінде тапсырмалар берілді.

    Қабылдау қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.