
📍 Қызылбалық ауылдық округіне қарасты Қарақұм ауылында балалар ойын алаңының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Жаңа ойын алаңы балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылданып, қауіпсіз ортада ойнауына мүмкіндік жасайды. Ауыл тұрғындарын ортақ игілікті күтіп ұстауға шақырамыз.



