
Жыланды ауылдық округі, Шынжылы ауылындағы Шынжылы негізгі орта мектебі жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың жазғы демалыс маусымына сәтті бастау берілді.
Салтанатты шара барысында оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын концерттік бағдарламалар, қызықты ойындар мен түрлі сайыстар өткізілді. Балалар бір-біріне ізгі тілектерін арнап, алдағы демалыс күндерін қызықты әрі пайдалы өткізуге ниет білдірді.
Жазғы лагерьдің басты мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.



