Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттары мен Егіндікөл ауданы тұрғындарының назарына

    maslihat-egin·
    Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттары мен Егіндікөл ауданы тұрғындарының назарына

    Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттары

    мен Егіндікөл ауданы тұрғындарының назарына

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес 2026 жылдың 10 маусым күні сағат 11.00-де Егіндікөл ауылында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихатының кезектен тыс 41 сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

    Сессияның қарауына енгізілетін негізгі мәселелер:

    1. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 қырқүйектегі № 8С23-7 «Егіндікөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    Баяндамашы: Муллаянова Галина Сергалиевна – «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

    1. «Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8C16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    Баяндамашы: Муллаянова Галина Сергалиевна – «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

    Егіндікөл аудандық мәслихат сессиясының Онлайн көрсетілімі Facebook платформасында

    https://www.facebook.com/profile.php?id=100053669980397 өткізіледі.

    Қ. Шынтеміров, Егіндікөл

    аудандық мәслихатының

    төрағасы

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.