
2026 жылдың 8 маусым күні аудандық мәслихаттың кезекті ХХХV сессиясын мәслихат төрағасы К.Ермекбаев ашып, жүргізді. Сессияға аудан әкімі Е.Ихсанов, облыстық мәслихатының депутаты Ж.Курманкулов, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Сессияда «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова баяндады. Депутаттар аудандық, Ақсай қаласы және ауылдық округтердің 2025 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітті.
Сонымен қатар, Бөрлі ауданы әкімдігінің және мәслихатының «Бөрлі ауданы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулы мен шешіміне, «Бөрлі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізіліп, бекітілді.
Бұдан бөлек, сессияда округтік және учаскелік сайлау комиссиялар бойынша мәслихат аппаратының басшысы Б.Мукашева баянады.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 11- бабына сәйкес, мәслихаттың сессия жұмысына үзіліс жарияланды.



