Бөрлі аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы өтті

    burlin-maslihat·
    Бөрлі аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы өтті

    2026 жылдың 8 маусым күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясын ашып жүргізген мәслихат депутаты Е.Мергалиев. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Д.Имашев, бөлім басшылары қатысты.

    Күн тәртібінің «Бөрлі ауданы әкімдігінің және Бөрлі аудандық мәслихатының «Бөрлі ауданы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы» және «Бөрлі аудандық мәслихатының «Бөрлі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Карагойшин баяндады. Депутаттар жолауышыларды тасымалдайтын тарифтер, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға жеңілдіктер бойынша сұрақтар қойып, жауаптар алды.

    Бөрлі аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссиялар бойынша мәслихат аппаратының басшысы Б.Мукашева баяндады.

    Күн тәртібіндегі барлық мәселелер кезекті сессия отырысына енгізілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.