
Департаменттің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы А.Қалмағанбетов «Аралгаз» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы, ұжымдық шартты цифрландыру, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



