
2025 жылы Ақтөбе облысындағы спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланған кеңесте Хромтау ауданында футбол клубын қайта құру туралы ұсыныс көтерілген болатын. Аталған бастама облыс әкімі Асхат Шахаров тарапынан қолдау тауып, нәтижесінде нақты жүзеге асты.
Бүгінде, араға бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде, 18 жылдық үзілістен кейін ауданымызда кәсіби футбол клубы қайта құрылып отыр. Бұл – Хромтау спорты үшін тарихи сәт. Қуаныштысы, команда алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, жанкүйерлерге зор серпін мен ерекше көңіл күй сыйлады.
Осы ретте, ауданымыздағы футболды қайта жандандыру бастамасына қолдау көрсетіп, оның жүзеге асуына ықпал еткен облыс басшысы Асхат Берлешұлына шынайы алғысымды білдіремін.
Аудан жастары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын бұл бастама – жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да спорттық инфрақұрылымды дамыту, бұқаралық және балалар футболын қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.
Хромтауда футбол енді жаңа қарқынмен дамитын болады.



