Өткен мен бүгінді жлғаған экскурсия

    pavlodar-edu·
    Өткен мен бүгінді жлғаған экскурсия

    «Жаз-2026» жобасы аясында Железин ауданы Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 15 оқушысы Павлодар қаласындағы «Ertis» музейіне танымдық экскурсия жасап қайтты.

    Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізілген бұл сапар барысында оқушылар туған өлкенің бай тарихы мен мәдени мұрасымен танысты. Музей экспозицияларындағы құнды жәдігерлерді тамашалап қана қоймай, заманауи цифрлы мультимедиалық экрандар арқылы тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы тың ақпараттар алды.

    Цифрлы дәуірдің өкілдері – Альфа ұрпағы үшін мұндай интерактивті форматтағы экскурсиялар ерекше қызығушылық тудырып, білімді заманауи технологиялар арқылы меңгеруге мүмкіндік береді. Балалар тарих пен технологияның үйлесімін көріп, өздерінің таным көкжиегін кеңейтті.

    Экскурсия барысында оқушылар тарихи мұраларды құрметтеудің маңызын түсініп, туған жер тарихына деген қызығушылықтарын арттырды. Танымдық саяхат балаларға жаңа әсер сыйлап, жазғы демалыстың есте қаларлық жарқын сәттерінің біріне айналды.

    Тарихты тану – өткенді құрметтеп, болашаққа сеніммен қадам басудың негізі.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.