
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Халықаралық Қазақ тілі » қоғамымен бірлесе отырып, тіл саясатын түсіндіру, кәсіпкерлік саласында көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде тіл заңнамасы нормаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында «Сауатты көрнекі ақпарат-біздің ортақ ісіміз» атты акциясын өткізуде.
Ү.ж. сәуір айынан бастау алған акция барысында облысымыздың бірнеше сауда орындары, демалыс нысандары, тамақтану орындары қамтылады. Аталмыш акция аясында облыс орталығының 10 көшелерінің, 4 аудан орталықтарының 400-ден астам бизнес нысандарына әдістемелік көмек көрсетіліп, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңнама нормаларының сақталуы жайлы ақпарат жеткізіледі.



