
Құрметті тұрғындар!
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің бірқатарын электрондық форматта алуға болатынын хабарлаймыз. Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу азаматтардың уақытын үнемдеп, қызмет көрсету үдерісінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырады.
Атап айтқанда, жер учаскесін беру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, жерге құқықтарды рәсімдеу және өзге де қызметтер бойынша өтініштерді электрондық үкімет порталы арқылы беруге мүмкіндік бар.
Осыған байланысты тұрғындарды мемлекеттік қызметтерді алу кезінде электрондық сервистерді белсенді пайдалануға шақырамыз. Қажет болған жағдайда Қоңыр ауылдық округі әкімдігі мамандарынан кеңес алуға болады.



