
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде департамент жанындағы Тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті.
«Өнегелі ғұмыр. Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбымен ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту, мемлекет және қоғам қайраткері Елеусін Наурызбайұлы Сағындықовтың мемлекеттік қызметтегі өнегелі еңбек жолын жастар арасында насихаттау және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Іс-шараға облыс әкімі аппаратының өкілдері, Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері, мемлекеттік қызмет ардагерлері, басқарма басшылары, мемлекеттік қызметтің аға буын өкілдері мен жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Елеусін Наурызбайұлының ел дамуына қосқан үлесі мен мемлекеттік қызмет саласындағы ұзақ жылдық тәжірибесіне тоқталып, оның кәсіби және азаматтық ұстанымын жастарға үлгі ретінде атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет ардагерлері мен қоғам қайраткерлері естеліктерімен бөлісіп, жас буынға тағылымды ой-пікірлерін жеткізді.
Шараның құрметті қонағы Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов жастармен ашық сұхбат құрып, өмір жолы мен еңбек тәжірибесі туралы әңгімеледі, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен қоғам алдындағы маңызы жөнінде ой бөлісті.
Аталған іс-шара жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына серпін беріп, аға буын мен жас мамандар арасындағы сабақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.



