Мемлекеттік қызмет – бұл жай ғана кәсіби қызмет емес, қоғам мен мемлекет алдындағы жоғары жауапкершілік. Оның басты миссиясы – мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ елдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қолайлы жағдай жасау.

    kostanai-oblys-apparaty·

    Әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметінде заңнама талаптарын ғана емес, сонымен қатар тиімді әрі жауапты мемлекеттік басқарудың негізін құрайтын жалпыға бірдей этикалық қағидаттарды басшылыққа алады.

    • Заңдылық – Конституция мен заңдарды бұлжытпай сақтау, шешімдерді тек құқықтық алаңда қабылдау.
    • Кәсібилік – білім мен дағдыларды үнемі жетілдіру, лауазымдық міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау.
    • Адалдық пен парасаттылық – қызметтік әдеп қағидаттарына берік болу, сыбайлас жемқорлық пен қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалануға мүлдем төзбеушілік таныту.
    • Ашықтық пен жариялылық – қоғаммен сындарлы диалогқа дайын болу, мемлекеттік органдар қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету.
    • Жауапкершілік – қабылданатын шешімдердің маңыздылығын және олардың азаматтардың өміріне әсерін терең түсіну.
    • Азаматтарға бағдарлану – әрбір адамға құрметпен қарау, сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуді және өтініштерді уақтылы қарауды қамтамасыз етуге ұмтылу.
    • Патриотизм – мемлекет мүддесіне адал болу, оның дамуына үлес қосу және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту.

    Қазіргі мемлекеттік қызмет тиімділік, әділдік және қоғам алдындағы есептілік қағидаттарына негізделеді. Әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі, құзыреттілігі және жеке жауапкершілігі мемлекеттік басқару сапасы мен азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін айқындайды.

    Қоғамға қызмет ету – жоғары құзыреттілікті, адалдықты және өз ісіне деген берілгендікті талап ететін күнделікті еңбек. Сондықтан мемлекеттік қызметтің миссиясы өзгермейді: азаматтардың мүддесіне қызмет ету, заңдылықты, тұрақтылықты және мемлекеттің дамуын қамтамасыз ету.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.