
2026 жылғы 5 маусымда Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ерғазыұлы Ещановтың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы өтті.
Сессия жұмысына депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Шыңғысұлы Бектұрғанов қатысты.
Отырыс барысында Қостанай облысының 2025 жылға арналған облыстық бюджетін атқару мәселесі қаралды. Қаржы басқармасының басшысы Алма Әутенқызы Жүсіпова, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ильясхан Шах-Султанович Амирбеков, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Дмитрий Анатольевич Костюков, бюджет және өңір экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Серік Шотбайұлы Манасбаев, сондай-ақ Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Шыңғысұлы Бектұрғанов баяндама жасады.
Талқылау барысында депутаттар мен отырысқа қатысушылар бейінді басқармаларға бағытталған өзекті мәселелерді көтерді. Бюджеттің атқарылуына және өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешім қабылдады.



