
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған редакциядағы Салық кодексінің 342-бабының 2-тармағына сәйкес жеке тұлға салықтық шегерімдерді:
1. міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар, стандартты шегерімдер, көпбалалы отбасылар үшін шегерімдер түрінде - салық агентінде;
2. міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар, стандартты шегерімдер, көпбалалы отбасылар үшін шегерімдер түрінде - салық агенті қолданбаған жағдайда дербес түрде;
З. осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмегендерін - дербес түрде қолданады.
Бұл ретте, Салық кодексінің 342-бабының з-тармағына сәйкес, күнтізбелік жыл ішінде салық агентінде де, жеке тұлғаның өзі дербес қолданған көпбалалы отбасыларға арналған және өзге де шегерімдердің жалпы сомасының шекті мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 564 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Осылайша, Салық кодексінің 347, З49, 351-баптарына сәйкес көпбалалы отбасы үшін,
оқуға және сыйақылар бойынша салықтық шегерімдер растайтын құжаттар болған жағдайда қолданылады.



