
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 382-бабына сәйкес салық салуға жататын мүліктік табысқа:
Құн өсімінен түскен табыс;
Жеке кәсіпкер болып табылмайтын тұлғаның мүлкін жалға беруден алған табысы жатады.
Құн өсімінен түскен табыс келесі жағдайларда туындайды:
* Мүлікті сату кезінде;
* Мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде;
* Талап ету құқығын басқаға беру кезінде, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты бойынша.
Құн өсімінен түскен табыс аталған мәміле жасалған салық кезеңінде айқындалады.
Құрметті азаматтар!
Салық міндеттемелерін уақытылы орындап, Қазақстан Республикасы салық заңнамасының талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.



