Жетісуда полицейлер жазғы лагерьдегі балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді

    Жетісуда полицейлер жазғы лагерьдегі балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді

    Жетісу облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Талдықорған қаласындағы №28 IT мектеп базасында ұйымдастырылған жазғы лагерьде балалармен профилактикалық кездесу өткізді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

    Кездесу барысында полиция қызметкерлері балаларға жолда жүрудің негізгі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, жолды кесіп өту кезінде аса мұқият болудың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, жолды тек белгіленген жерден кесіп өту, бағдаршамның талаптарын сақтау, жолда құлаққап пайдаланбау және ұялы телефонға алаңдамау қажеттігі түсіндірілді.

    Сондай-ақ балаларға жол қозғалысына қатысушы әрбір адамның жеке жауапкершілігі туралы айтылып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жетісу облысының полицейлері жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жалғастырады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.