Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашкалиевтің Тайынша ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесуі: Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы, 3А мекенжай бойынша «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің СҚО Тайынша аудандық филиалының ғимаратында 2026 жылғы 12 маусымда сағат 12:00-де өтеді.
Кездесу барысында әділет органдарының қызметіне қатысты өзекті мәселелерді шешу бойынша азаматтарды жеке қабылдау өткізілетін болады.
Сіз жеке қабылдауда жүгіне алатын сұрақтар:
- сот шешімдерінің орындалуы (алименттерді, берешектерді өндіріп алу, тыйым салуларды алып тастау);
- нотариаттық және адвокаттық қызметтер көрсету;
- жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды тіркеу;
азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бойынша.
Тұрғындары кездесуге қатысуға шақырамыз.
Тайынша қаласы әкімінің аппараты



